Қадыров: Ресей НАТО-ға оңай қарсы тұра алады
Шешенстан Президенті Украинадағы соғыста Ресейді тағы да қолдап: «Мәскеу НАТО блогымен, тіпті бүкіл әлеммен оңай қарсы тұра алады»,- деді.
ИРНА-ның сейсенбі күнгі хабары бойынша, Рамзан Қадыров: «Батыс пен Еуропа Украинаны ескірген және Ресей армиясына үлкен қауіп төндірмейтін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде»,- деп айтты. Шешенстан Президенті әлемдегі көптеген елдердің НАТО-ға мүше емес екенін және бірқатар елдердің оның құрамына кіретініне тоқталып: «Көптеген ірі елдер, соның ішінде Қытай, Үндістан, Пәкістан және миллиардтаған халық өмір сүретін ондаған басқа елдер Украина соғысында өздерінің бейтараптығын сақтап қалды, сондықтан біз әлі де үшінші дүниежүзілік соғыстан алшақпыз»,- деп мәлімдеді.