Қадыров: Ресей НАТО-ға оңай қарсы тұра алады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i66992-Қадыров_Ресей_НАТО_ға_оңай_қарсы_тұра_алады
Шешенстан Президенті Украинадағы соғыста Ресейді тағы да қолдап: «Мәскеу НАТО блогымен, тіпті бүкіл әлеммен оңай қарсы тұра алады»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 17, 2023 11:00 Asia/Almaty
  • Қадыров: Ресей НАТО-ға оңай қарсы тұра алады

Шешенстан Президенті Украинадағы соғыста Ресейді тағы да қолдап: «Мәскеу НАТО блогымен, тіпті бүкіл әлеммен оңай қарсы тұра алады»,- деді.

ИРНА-ның сейсенбі күнгі хабары бойынша, Рамзан Қадыров: «Батыс пен Еуропа Украинаны ескірген және Ресей армиясына үлкен қауіп төндірмейтін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде»,- деп  айтты. Шешенстан Президенті әлемдегі көптеген елдердің НАТО-ға мүше емес екенін және бірқатар елдердің оның құрамына кіретініне  тоқталып: «Көптеген ірі елдер, соның ішінде Қытай, Үндістан, Пәкістан және миллиардтаған халық өмір сүретін ондаған басқа елдер Украина соғысында өздерінің бейтараптығын сақтап қалды, сондықтан біз әлі де үшінші дүниежүзілік соғыстан алшақпыз»,- деп мәлімдеді.