Қаң 22, 2023 17:39 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісі Еуропаның Сақшылар корпусына қарсы кез келген әрекетіне шұғыл қарымта шара қолданады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Парламент Сақшылар корпусына қарсы кез келген әрекетке шұғыл түрде қарымта жауап беруге дайын",-деді.

Еуропа Парламенті Иранның ішкі ісіне араласушы ұстанымдарын жалғастыра келіп, 18 қаңтарда Иранға қарсы жоба бекітіп, Ислам революциясының Сақшылар корпусын Еуроодақ тарапынан "лаңкес" деп танылғандардың тізіміне қосуды сұрады. Әрине Еуропа Парламентінің қаулылары міндетті түрде орындау күшіне ие емес, тек Еуропа Кеңесіне ұсыныс ретінде беріледі.

Мұхаммед Бағер Қалибаф жексенбі күні еуропалықтардың Иран халқына қарсы ауыр қылмыс жасаған лаңкестер, яғни Мұнафықтарға ұзақ жылдар бойы баспана беріп келе жатқанын айтып: "Егер Сақшылар корпусын лаңкестер тізіміне қосса, Иран да аймақтағы олардың әскери күштерін лаңкестік топтар деп танитын болады",-деп ескертті.

Қалибаф: "Сақшылар корпусы – әлемде лаңкестікке қарсы күресетін теңдессіз орган. АҚШ-тың лаңкестерді қолдағанына қарамастан, Сақшылар корпусы аймақ халықтарының көмегімен ДАИШ үкіметін құлатып, осы лаңкестік топтың әлемге төндірген қатерін жойды",-деді.

Тегтер