Қаң 23, 2023 15:38 Asia/Almaty
  • Швецияда Құран Кәрім өртелді

Сенбі күні Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Билстрем Twitter желісіндегі хабарламасында Стокгольмде Құран Кәрімді қорлауға қатысты көптеген елдердің сынына реакция білдірді. Биллстрем твитінде: «Исламға қарсы үгіт-насихат – қорқынышты нәрсе. Швеция толық сөз бостандығына ие, бірақ бұл Швеция үкіметі немесе мен бұл көзқарастарды құптайды дегенді білдірмейді»,- деп жазды. Осылайша Швеция үкіметі осы елдің астанасы Стокгольмде Құран Кәрімді қорлауға қатысты екі жақты ұстанымды ұстанды.

Сенбі күні  Расмус Палудан есімді шектен шыққан оңшыл Түркияның Швециядағы елшілігінің алдында Құран Кәрім кітабын өртеп жіберген. Расмус Палудан - дат-швед саясаткері және заңгері және 2017 жылы құрылған әсіре оңшыл «Hard Line» тобының жетекшісі. Палудан 2020 жылы швед азаматтығын алды. Ол  ислам мен иммигранттарға қарсы ұстанымен танымал. Бұл адам Данияда заң бұзғаны үшін бірнеше рет сотталды. Ол Швецияның әртүрлі қалаларында Құран кітаптарын өртеуді бастаған.

Швецияда Түркия елшілігінің алдында шектен шыққан оңшылдың Құран Кәрімді өртеп жіберуінен кейін ислам елдері бұл қорлау және исламға қарсы әрекетке ұжымдық түрде наразылық білдірді. Айта кететін жәйт,  ислам елдері ғана емес, Ресей де христиандар басым ел ретінде бұл қорлау әрекетіне реакция білдірді. Соңғы жылдары Еуропа елдерінде исламофобия  мен мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылық үрдісі артып келеді. Бұл салада экстремистік қозғалыстар, партиялар  және оңшыл адамдар маңызды рөл атқарды.

Дания мен Швеция үкіметтерінің «Hard Line» шектен шыққан оңшыл тобының жетекшісі Расмус Палудинге исламның қасиетті нәрселерін қорлауға және Құран Кәрімді өртеу арқылы мұсылмандарды қорлауға рұқсат беруін сылтау -  сөз бостандығы және Еуропа үкіметтерінің оны қорғау туралы талаптары. Батыстың, оның ішінде Еуропа елдерінің сөз бостандығына қатысты екі жақты стандарттарына көз жүгірте отырып, бұл мәселенің Батыстың пікірін білдіретін мәселелерге күмән келтіріп, қорлау кезінде ғана қолданылатынын көрсетеді. Басқа жағдайларда, мысалы, Холокост мәселесі, яғни Екінші дүниежүзілік соғыста еврейлерді өлтіру немесе Украинадағы қазіргі соғыс кезінде Ресейді жақтау тақырыптарында еуропалық үкіметтер осы салада дәстүрлі емес немесе рұқсат етілмеген позицияны ұстанатын адамдарға реакция білдіреді және олар жауапқа тартылады.

Тегтер