ЭЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысы басталды
(last modified Tue, 24 Jan 2023 13:13:03 GMT )
Қаң 24, 2023 19:13 Asia/Almaty
  • ЭЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысы басталды

Иран Сыртқы істер министрі ЭЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін Ташкентке барды.

ЭЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің 26-шы отырысы бүгін, сейсенбі Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында басталды.

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан осы отырысқа қатысу үшін кешке кешке Ташкентке барды.

Отырысқа Әзірбайжан, Түркіменстан, Қырғызстан, Қазақстан, Түркия, Пәкістан, Иран мен Өзбекстанның министрлері мен өкілдері қатысады.

Осы ұйымның жарғысына сәйкес, ЭЫҰ мүше елдердің тұрақты экономикалық дамуына жағдайды жақсартуға талпыныс жасайды және осы аймақта сауда кедергілерін біртіндеп жою жолында әрекет етеді.

ЭЫҰ-ның тағы бір мақсаты – осы 10 елде адам ресурсын дамыту мақсатында ортақ бағдарлама дайындау.