Амир Абдуллахиан: Дұрыс жол – дипломатия, конструктивті әріптестік және рационализм
(last modified Tue, 24 Jan 2023 15:51:28 GMT )
Қаң 24, 2023 21:51 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Дұрыс жол – дипломатия, конструктивті әріптестік және рационализм

Иран Сыртқы істер министрі ЭЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысында дұрыс жолды дипломатия, конструктивті әріптестік және рационализм деп атады.

Амир Абдуллахиан осы отырыста Еуропа Парламентінің ішкі іске араласушы қарар қабылдауын айыптап: "Мұндай эмоционалды қатынастың Еуропа үшін шығыны көп теріс салдары болары анық. Сондықтан дұрыс жол – дипломатия, конструктивті әріптестік және рационализмді сақтау",-деді.

Амир Абдуллахиан илаһи діндердің құндылықтары, әсіресе Құран кітабына құрметсіздік көрсету және Батыс елдерінің бұған сөз бостандығы ретінде қолдау білдіргенін қабылдауға болмайтын іс деп атап, айыптады.

Амир Абдуллахиан ЭЫҰ отырысы туралы: "Осы ұйымға мүше елдер энергетика саласында аймақішілік сауда мен өзара ынтымақтастықты арттыруы тиіс",-деді.