ИИР елшісі тәжік зерттеушісі және жазушысының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i67234-ИИР_елшісі_тәжік_зерттеушісі_және_жазушысының_қайтыс_болуына_байланысты_көңіл_айтты
Иранның Тәжікстандағы елшісі Мұхаммад Тақи Сабери өз жолдауында белгілі тәжік жазушы, зерттеуші, ирантанушы, Тәжікстан-Иран достық қауымдастығының басшысы Мырза Молла Ахмадтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.  
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 27, 2023 17:46 Asia/Almaty
  • ИИР елшісі тәжік зерттеушісі және жазушысының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Иранның Тәжікстандағы елшісі Мұхаммад Тақи Сабери өз жолдауында белгілі тәжік жазушы, зерттеуші, ирантанушы, Тәжікстан-Иран достық қауымдастығының басшысы Мырза Молла Ахмадтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.  

Мырза Молла Ахмад көзі тірісінде парсы әдебиеті мен ирантану саласында 450-ден астам еңбек пен құнды ғылыми және әдеби жәдігерлер қалдырды. Олардың кейбіреулері ИИР-да жарық көрді және осы жылдар ішінде ол Иранның ғылыми және зерттеу фестивальдерінен күш-жігері үшін көптеген марапаттарға ие болды. Қасиетті Құран Кәрімді кириллицаға аудару Мырза Молла Ахмадтың исламтану саласындағы тағы бір құнды қызметі.