Билл Гейтс: Украина үкіметі әлемдегі  жемқорлыққа ең көп ұшыраған үкіметтердің бірі
(last modified Fri, 27 Jan 2023 11:49:58 GMT )
Қаң 27, 2023 17:49 Asia/Almaty
  • Билл Гейтс: Украина үкіметі әлемдегі  жемқорлыққа ең көп ұшыраған үкіметтердің бірі

Билл Гейтс, Microsoft негізін қалаушы және американдық миллиардер: «Киев үкіметі жемқорлық жағынан әлемдегі ең нашар үкіметтердің бірі»,- деді.

Fars news агенттігінің жұма күнгі хабарлауынша, Гейтс: «Украинаның мемлекеттік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық белең алған. Сондай-ақ бірнеше байлар үкіметке үстемдік етті. Бұл мәселе Украина халқы үшін өте өкінішті»,- деп мәлімдеді.

Әйгілі америкалық миллиардердің бұл сөздері жақында Украина үкіметінің жоғарғы және орта деңгейінде кең таралған қаржылық сыбайлас жемқорлықтың әшкереленуі кезінде осы елдің бес облыс губернаторы мен төрт министрдің орынбасары қызметінен босатылғаннан кейін айтылды.

 

 

Тегтер