Қаң 30, 2023 19:28 Asia/Almaty
  • Қалибаф Иран мен Алжирдың экономикалық қатынасын одан ары дамыту керегін айтты

Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран мен Алжирдың экономикалық қатынасын одан ары дамыту керегін айтты.

Мұхаммед Бағер Қалибаф жексенбі күні Ислам ынтымақтастық ұйымының 17-ші парламентаралық отырысына қатысып жатқан парламент төрағаларымен екіжақты кездесулер аясында Алжирдың кейбір арналарынан тікелей эфирде тараған қысқа сұхбатында: "Екі ел арасында мәдени, саяси-экономикалық тұрғыдан және сионистік режимге қарсы күресу және Палестинаның арман-мақсаттарын қорғауға қатысты терең байланыс бар",-деді.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран мен Алжир халықтары арасында, әсіресе екі ел жастары арасында іргелі ғылым, экономикалық және техникалық мәселелерді шешу, стартаптар пен платформаларды дамыту саласында тығыз әріптестікке жағдай жасалып, екі елдің әлеуеттерін пайдалануға мүмкіндік туады деп үміт білдірді.

Тегтер