Американдық биологиялық зертханалар Польшаға көшірілді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i67336-Американдық_биологиялық_зертханалар_Польшаға_көшірілді
Ресей биологиялық қорғаныс күштерінің басшысы мәліметтер мен құжаттарға сәйкес америкалық биологиялық зертханалардың Украинадан Польшаға көшірілгенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 31, 2023 08:51 Asia/Almaty
  • Американдық биологиялық зертханалар Польшаға көшірілді

Ресей биологиялық қорғаныс күштерінің басшысы мәліметтер мен құжаттарға сәйкес америкалық биологиялық зертханалардың Украинадан Польшаға көшірілгенін хабарлады.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Игорь Крылов  кеше дүйсенбі күні: «АҚШ биологиялық қару жасау зертханаларын Украинадан Польша сияқты Шығыс Еуропаның басқа елдеріне көшірді»,- деді. Крыловтың айтуынша, Пентагон Ресеймен шекаралас елдердегі биологиялық зертханаларын ұлғайтқан. Бұл мәселе бойынша ресейлік әскерилер осы зертханаларда куәгерлер мен қатысушылардан жауап алу кезінде 20 000 құжат жинаған.