АҚХА Иран жайлы жаңа уәждер айтты
АҚХА өзінің жаңа есебінде: "Иран үкіметі Форду ядролық нысанында алдын ала хабарланбаған іс-қимыл жасап, IR-6 центрифугалардың 2 сарқырамасының арасын байланыстыруда өзгеріс жасады. Бұл уранды 60 пайызға байытуға мүмкіндік береді",-деп мәлімдеді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚХА өз есебінде осы екі сарқырама арасындағы байланыста қандай өзгеріс жасалғанын түсіндірместен: "Бұл сарқырамалар бір-біріне Иран тарапынан бұрын жарияланған жұмыс тәсілінен айтарлықтай айырмашылығы бар қалыпта жалғанған",-деп уәж айтты.
АҚХА Иранның ядролық жұмыстарының дұрыстығын тексеру үшін тексерушілердің Фордуға жүйелі түрде барып тұратынын және Теһран үкіметімен өзара әріптестікті арттыруға қатысты келіссөздер жүріп жатқанын айтты.
ИИР Ядролық қаруларды таратуға тыйым салу келісіміне қол қойған елдердің бірі және АҚХА-ның мүшесі ретінде бейбіт мақсатта пайдалану үшін ядролық технологияларға ие болуға құқылы екенін баса айтып отыр.