Иран сионистік режимнің жауластық әрекеті мен Украинаның арандатушы ұстанымына реакция білдірді
Иранның БҰҰ-дағы елшісі Амир Саид Иравани сәрсенбі күні Исфахандағы Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендеріне жасалған лаңкестік шабуылдарға реакциясында БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына хат жолдап: "Бастапқы тексерістің нәтижесі көрсеткендей, сионистік режим Иранның орталық бөлігіндегі Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендеріне жасалған лаңкестік шабуылдарға жауапты. Бұл режимнің әрекеті халықаралық заңдарға қайшы, сондықтан қатаң айыпталады",-деді.
Сионистік режимнің жауластық әрекеті мен Украинаның арандатушы ұстанымына қатысты Иранның кесімді позициясының БҰҰ-ға хат түрінде жіберілуі Теһран үкіметінің дұшпандар мен олардың одақтастарының іс-қимылдарын жіті бақылап отырғанын және дер кезінде жауап бере алатынын көрсетті.
Тель-Авив үкіметінің Иранға қарсы бүлдіргі және басқыншы әрекет жасап жатқаны бірінші рет емес. Сионистік режим Иранның ең ірі аймақтық дұшпаны ретінде Иранға қарсы аймақтық коалиция құруға тырысумен қатар, ел ішінде жалдамалы күштерді пайдаланып бүлдіргі әрекеттер мен төңкеріс жасауға күш салды.
Кейінгі жылдары сионистік режимнің Моссад барлау қызметінің Иранға қарсы сүйікті тәсілдері ғалымдарға террор жасау, өндірістік нысандарды жарып жіберу және лаңкестік әрекеттер жасау болғанымен, көп жағдайда бұл көпқатпарлы жобалар қауіпсіздік күштері тарапынан толық анықталып, залалсыздандырылды. Өткен жылы сионистік режимнің "Кумле" сепаратистік тобының көмегімен Исфахандағы нысандарға шабуыл жасамақ болған талпыныстары сәтсіздікке ұшырап, орындаушылар құрал-саймандарымен бірге қолға түсті.
Мұнымен қоса, Иран сионистік режимнің жуырда Исфахандағы Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендеріне жасалған лаңкестік шабуылдарға қатысы барын дәлелдейтін айқын куәлер ұсынды.
Екінші мәселе – Украинаның Исфахандағы шабуылға қолдау білдірген арандатушы ұстанымы. Украина Президентінің кеңесшісі Михаил Подоляк Твиттердегі жеке парақшасында кек алу сарынында твит жариялап, Киевтің Исфахандағы Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендеріне қарсы жасалған әрекетке қатысқанын хабарлады.
Иран үкіметі: "БҰҰ жарғысы мен халықаралық заңдарға сәйкес өзінің ұлттық қауіпсіздігін қорғауға және кез келген жердегі кез келген бұрыс әрекетке немесе қоқан-лоққыға кез келген уақытта кесімді жауап беруге құқылы",-деп мәлімдеді.
Сондай-ақ Теһран үкіметі: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жарғыға сәйкес өз міндетін атқаруы тиіс және сионистік режимнің соғысқұмар сөздерін айыптап, бұл режимнен халықаралық заңдарды сақтауды, оның аймақтағы қауіпті бағдарламасы мен бүлдіргі әрекеттерін тоқтатуды талап етуі керек",-деп баса айтты.