Иран Сыртқы істер министрі Венесуэлаға барды
(last modified Fri, 03 Feb 2023 11:13:15 GMT )
Ақп 03, 2023 17:13 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Венесуэлаға барды

Иран Сыртқы істер министрі Венесуэланың астанасы Каракас қаласына барды.

Хұсейн Амир Абдуллахиан жұма күні Венесуэланың астанасы Каракас қаласына барды. Оны осы елдің Көлік және тасымал министрі мен Сыртқы істер министрінің орынбасары қарсы алды.

Венесуэла – Амир Абдуллахианның Латын Америкасына сапарының екінші мақсаты. Бұған дейін ол сәрсенбі күні кешке Манагуа қаласына барып, никарагуалық әріптесімен кездескен болатын.