Канани: Санкцияларды жоюға арналған келіссөздерде дипломатиялық динамика бар
https://parstoday.ir/kz/news/world-i67474-Канани_Санкцияларды_жоюға_арналған_келіссөздерде_дипломатиялық_динамика_бар
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Санкцияларды жоюға арналған келіссөздерде түрлі каналдар арқылы дипломатиялық жұмыстар жүргізіліп, түрлі деңгейде хат алмасылып жатыр",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 06, 2023 22:13 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Санкцияларды жоюға арналған келіссөздерде түрлі каналдар арқылы дипломатиялық жұмыстар жүргізіліп, түрлі деңгейде хат алмасылып жатыр",-деді.

Насер Канани дүйсенбі күні ақпарат отырысында: "Иран – әрдайым АҚХА-мен тығыз әрі үздіксіз әріптесіп отырған елдердің бірі. Техникалық жұмыстар аясында диалог пен байланыстар жалғасын табады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Канани Украинаның ирандық ұшқышсыз ұшақтар туралы уәждеріне тоқталып: "Бұл мәселе маңызды халықаралық тақырыптар, соның ішінде Украина мәселесіне қатысты екіжүзді саясат ұсталып отырғанын көрсетеді",-деді.  

Канани ИИР-дың Украина мәселесіне қатысты саясатының айқын екенін айтып, оны "жалпы соғысты қолдамау және басқаға қарсы біреуді қолдамау" деп атады.