Раиси: Әртүрлі елдерде Иранның сауда кеңселерін ашуға баса назар аудару керек
Иран Президенті: «Әртүрлі елдерде Иранның сауда кеңселерін ашуға баса назар аударылуы тиіс»,-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси сәрсенбі күні кешке Қытайда тұратын ирандықтармен кездесуіне Қытай басшыларымен келіссөздерді сәтті өтті деп бағалап: «Осы сапарды ұйымдастыру Бейжіңдегі ИИР Елшілігіне үлкен жауапкершілік болды»,-деді.
Иран Президенті Қытайдың ондаған ірі компаниясымен кездесіп, Иранның мол әлеуетінен хабарсыздығын осы компаниялардың Иранмен экономикалық әріптестігі жолындағы кедергілердің бірі деп атап: «Қытайдағы ИИР Елшілігі елге түрлі салалардағы технологияларды әкеліп, ирандық жастардың іргелі ғылымға негізделген жетістіктерін Қытай нарығына таныстыруға бар күшін салуы керек»,-деді.