Баку Теһранға қарсы негізсіз айыптауларын қайталады
Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев ешбір айғақсыз тағы Иранға қарсы айып тақты.
Әзірбайжан Президенті:"Теһранда Әзірбайжанның елшілігіне жасалған шабуыл лаңкестік әрекет болды",-деп тағы уәж айтты.
Ильхам Әлиев Германияға сапары аясында Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысып, ашық тексеріс жүргізіп, шабуылдаған адамды соттауды талап етті. Бұған дейін Әзірбайжан СІМ Теһранда осы елдің елшілігінде болған оқиғаға қатысты халықаралық ұйымдарға шағымданғанын мәлімдеген болатын.
Ал ИИР Президенті мен Сыртқы істер министрі әртүрлі отырыстарда осы мәселені қатаң қадағалайтындарын айтып келеді.
Ясин Хұсейнзаданың Теһрандағы Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасағанының саяси сипаты жоқ екені, тек жеке мәселеге қатысты орын алғаны анықталды. Бұған қарамастан, Баку басшылары Теһрандағы елшілікті босатуға кірісті. Осы қате қатынастың жалғасында Баку басшылары "Ясин Хұсейнзаданың шабуылы алдын ала жоспарланған әрекет және мемлекеттік терроризм болды. Бұған қатысты айғақтарымыз бар" деп мәлімдеді. Бірақ Баку басшылары мен олардың шетелдік демеушілері осы күнге дейін аталмыш мәселеге қатысты айғақ жарияламады.
Баку басшыларының қайта-қайта әсірелеп сөйлеуі, 2021 жылы наурыз айында әкімшілік істерді орындау мақсатымен Теһрандағы Әзірбайжан елшілігіне барған Ясин Хұсейнзаданың жұбайы Гүлнара Әлиеваның жоқтығы күмән тудырып, белгісіздікті күшейтіп отыр. Баку басшылары осы белгісіздікке жауап беруден қашу үшін Теһрандағы Әзірбайжан елшілігін тез арада жабуға кіріскен сыңайлы.
Ясин Хұсейнзаданың Теһрандағы Әзірбайжан елшілігіне жасаған шабуылына қатысты көптеген белгісіздіктер мен шындықтардың барын ескеріп, Баку басшылары осы ел Президентінің ойланбай айтқан соңғы сөздеріне жауапкершілікті мойындарына алуы керек.
Қорытындылай келгенде, Баку үкіметі, әсіресе Әзірбайжан Президенті бір қарапайым оқиғаны әлемге айқын мәселелерге қатысты етіп көрсетуге талпынып жатыр.