Швеция: Қырғи қабақ соғыстан бері қауіпсіздік жағдайы нашарлады
Швецияның әскери барлау агенттігі Скандинавия елдері мен Еуропадағы қауіпсіздік жағдайы қырғи-қабақ соғыс дәуірі болып табылатын 1980 жылдардың басынан бергі ең нашар деп жариялады.
Швецияның әскери барлау агенттігі Ресейдің Украинаға шабуылынан кейінгі Солтүстік Еуропа елдеріндегі (Дания, Финляндия, Исландия, Норвегия және Швецияны қоса алғанда) және Еуропадағы қауіпсіздік жағдайы 1980 жылдардың басынан, қырғи-қабақ соғыс дәуірінен бергі ең нашар жағдай екенін жариялады. Швеция Қарулы Күштері мәлімдемесінеде: «Швецияның қауіпсіздігіне қауіп төнді және бұл елге қарсы қауіптер кеңірек және күрделі болды»,- деп жариялады. Швецияның әскери және қауіпсіздік барлау қызметінің директоры Лена Халлин: «Бүгінгі күні бізде Ресей мен Батыс арасындағы қақтығыс пен текетірес жағдайының шиеленісу қаупі бар»,- деді.