Теһранда Су басқармалары кеңесінің он үшінші форумы басталды
Теһранда түрлі ел министрлері мен орынбасарлары және Иранның Энергетика министрінің қатысуымен Су басқармалары кеңесінің он үшінші форумы басталды.
Су басқармалары кеңесінің он үшінші жиналысы 16 ел министрлері мен орынбасарлары және Иранның Энергетика министрі Әлиакбар Мехрабианның қатысуымен бейсенбі күні Теһранда басталды.
Суға қатысты 8 маңызды аймақтық жоба дайындалды. Олар Су басқармалары кеңесінің он үшінші форумында талқыланып, бекітіледі.
Форумды өткізудегі мақсат орталықтың бағдарламаларына мүше елдердің әріптесу жолдарын қарастыру, білім беру жобаларын талқылау және аймақтық деңгейде әлеует тудыру және зерттеу жүргізу болып табылады.
UNESCO-ға қарасты Қалалық суды басқару орталығы 2022 жылы Азияның батыс және оңтүстік аймақтары, Орталық Азия мен Африканың солтүстігінде жұмыс істеу үшін құрылды.