Әлем экономикасы Украина соғысынан 1300 млрд доллар шығын көрді
(last modified Fri, 24 Feb 2023 17:19:16 GMT )
Ақп 24, 2023 23:19 Asia/Almaty
  • Әлем экономикасы Украина соғысынан 1300 млрд доллар шығын көрді

Зерттеулер көрсеткендей, 2022 жылы әлем экономикасы Ресей мен Украина соғысынан 1300 млрд доллардан аса шығын көрді.

Megaline-ның хабарлауынша, жұма күні жарияланған Германия экономикалық институтының зерттеулеріне сәйкес Украина соғысы тек 2022 жылы әлем экономикасына 1300 млрд доллардан аса шығын әкелді.

Еуропа елдерінің экономикасы жаһандық өндірістің үштен екі бөлігінен айырылғандықтан Украина соғысынан ең көп зиян шекті.

Дүниежүзілік валюта қоры жуырда есеп жариялап: "Украина соғысы салдарынан қуат көздері мен шикізатпен қамтамасыз ету үдерісінде ақау пайда болған соң әлем экономикасы 2023 жылы 2,9 пайызға өседі",-деді.

Тегтер