Зеленский: Біз қыстан аман қалдық, бірақ энергетикалық қиындықтар әлі де бар
Украина Президенті Володимир Зеленский: "Украиналықтар үкіметтің талпынысы арқасында қыстан аман шықты. Бірақ Ресей бұрынғыдай электр қуаты жүйесіне қауіп төндіріп тұр",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Зеленский сәрсенбі күнгі бейне жолдауында: "Қыс аяқталды. Өте ауыр болды. Әсірелеусіз айтайын, әрбір украиналық бұл қиыншылықты сезді",-деді.
1 наурыз Украина мен Ресейде ауа райы суық болса да, қыстың аяғы саналады.
Украина Президенті қыстың қиындықтарына тоқталып: "Біз Украина халқын электр қуаты және жылумен қамтамыз ете алдық. Энергия жүйесіне қауіп әлі де бар. Жүйенің жұмысын нығайту амалдары жасалып жатыр",-деді.
Зеленский сондай-ақ: "Қыс пен жазда елді қуат көздерімен қалыпты қамтамасыз ету тәсілі талқыланды. Біз қатерді көріп отырмыз. Оған тиісті жауап беретін боламыз",-деп еске салды.