АҚХА Басқарма кеңесінде АҚШ Иранға қарсы уәждерін қайталады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i68188-АҚХА_Басқарма_кеңесінде_АҚШ_Иранға_қарсы_уәждерін_қайталады
АҚШ-тың АҚХА Басқарма кеңесіндегі елшісі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын кім бұзғанына тоқталмастан, Иранға қарсы уәждерін қайталады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 08, 2023 17:13 Asia/Almaty
  • АҚХА Басқарма кеңесінде АҚШ Иранға қарсы уәждерін қайталады

АҚШ-тың АҚХА Басқарма кеңесіндегі елшісі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын кім бұзғанына тоқталмастан, Иранға қарсы уәждерін қайталады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың АҚХА Басқарма кеңесіндегі елшісі Лаура Холгейт: "Өткен қыркүйекте Иран шындыққа жанаспайтын әрі орындалмайтын талап-тілектер қою арқылы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына тез арада қайта оралуға деген үмітті жойды",-деп уәж айтты.

Ол Иранның агенттік жұмысын саясиландыруды қалайтынын айтып: "Иран қауіпсіздікке қатысты міндеттемелерін ұжымдық қауіпсіздік келісіміне ие елдердің міндеттемелерінен бөлек орындағысы келеді",-деді.

Санкцияларды жоюға қатысты келіссөздер айлар бойғы дипломатиялық талқылаудан кейін АҚШ тарапынан қарым-қатынастағы қайшылықтар, шешім қабылдауда кешеуілдеу, шектен тыс талап ету және жаңа талаптар қою себебінен тоқырап қалды.