Иран мен Ресей бірлесіп автокөлік шығарады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i68344
Иранның Сауда, кен және өнеркәсіп министрінің тасымал индустриясы бойынша орынбасары Ресеймен бірлесіп автокөлік шығарылатынын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 15, 2023 16:42 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей бірлесіп автокөлік шығарады

Иранның Сауда, кен және өнеркәсіп министрінің тасымал индустриясы бойынша орынбасары Ресеймен бірлесіп автокөлік шығарылатынын хабарлады.

Манучехр Мантеқи Мәскеуде 2022 жылы автокөлік көрмесі өтіп, онда ирандық автокөлік және қосалқы бөлшектер жасаушылардың қатысқанына тоқталып: "Ортақ келісімге сәйкес екі елде L90 сияқты автокөлік жасау көзделіп отыр. Иран мен Ресей бұл салада өз-өзін 50 пайыз қамтамасыз ете алады",-деді.

Манучехр Мантеқи: "Ресеймен келісім бойынша осы елге ирандық автокөлік экспорттаумен қоса, ол жерде "Тара" автокөлігін өндіру желісі ашылады. Жуырда екі елдің ортақ автокөлігінің таныстырылымы болады",-деді.