Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Йеменде полиомиелит пен қызылшаның өршуі туралы ескертті
(last modified Mon, 20 Mar 2023 12:02:59 GMT )
Нау 20, 2023 18:02 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Йеменде полиомиелит пен қызылшаның өршуі туралы ескертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Йеменде полиомиелит пен  қызылшаның өршуі туралы ескертті.

ДДСҰ: «Йемендік балалардың 80 пайыздан астамы екпенің жоқтығынан қызылша ауруына шалдыққан және бұл ел вакцинаға шұғыл зәру»,- деп жариялады. Йеменнің отставкаға кеткен үкіметінің денсаулық сақтау министрі Касем Бахайба өткен ақпан айында бұл елде полиомиелитке шалдыққандардың саны артқанын мәлімдеді. Бұл елде соңғы 17 жылда бұл ауру туралы хабарланбаған. 2006 жылы Йемен полиомиелитке қарсы вакцинаның 6 кезеңінен кейін елде бұл вирустан таза болғанын жариялады.