Нау 27, 2023 18:29 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея баллистикалық зымыран атты

Солтүстік Корея бүгін, дүйсенбі күні таңертең Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран атты.

Вашингтон мен Сеул өткен бейсенбіде соңғы бес жылдағы ең ірі бірлескен әскери жаттығуды аяқтағаннан бірнеше күн өткен соң Солтүстік Корея баллистикалық зымыран атты.  

Солтүстік Корея "Бостандық қалқаны" деп аталған соңғы әскери жаттығуды осы елді басып алуға бағытталған жаттығу деп санады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның армиясы дүйсенбі күні Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран атқанын растап: "Пхеньян бұл зымыранды өз жағалауынан Жапон теңізіне қарай атты",-деді.

Жапонияның жағалау күзеті: "Солтүстік Корея атқан зымыран теңізге түсті",-деп хабарлады.  

Тегтер