Амир Абдуллахиан: Иран мен АҚХА арасында әріптестік жалғасуда
(last modified Fri, 31 Mar 2023 14:14:45 GMT )
Нау 31, 2023 20:14 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран мен АҚХА арасында әріптестік жалғасуда

Иран Сыртқы істер министрі: "Иран мен АҚХА-ның әріптестігін жалғастыру және барлық тараптардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қайта оралуы әлі де күн тәртібінде тұр",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Al-Jazeera телеарнасына берген сұхбатында: "Иран үкіметі барлық тараптар келісімге келіп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қайта оралуы үшін мықтап іске кірісті. Венада апталап, айлап 4+1 тобымен тікелей сөйлесіп, АҚШ өкілімен жанама жолдаулар алмасты",-деді.

Амир Абдуллахиан күзгі бүлікте кейбір елдер, соның ішінде АҚШ Иранның ішкі ісіне араласып, қателік жасағанын айтып: "Өткен күзде Иранның кейбір қалаларында бүлік басталып, оған шет елдер араласқаннан кейін Иран мен АҚШ арасында санкцияларды жоюға қатысты жанама болса да, белсенді хат алмасулар жалғасын тапты",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі: "Дипломатия – Иранның ядролық мәселесін шешуге қолайлы жол. Иран мен АҚХА-ның техникалық сатыдағы келіссөздері жалғасып жатыр",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Түркия мен Сирия арасында қайшылықтарды шешіп, түсініспестікті жою үшін түрлі сатыда төртжақты диалогтар өтуін қолдап, жуырда Иран, Сирия, Түркия мен Ресейдің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси диалогтардың алғашқы кезеңі өтетініне үміт білдірді.