Канани Әзірбайжан республикасына: Сионистік дұшпанның шын ниетінен сақ болыңыздар
(last modified Sat, 01 Apr 2023 14:06:28 GMT )
Сәу 01, 2023 20:06 Asia/Almaty
  • Канани Әзірбайжан республикасына: Сионистік дұшпанның шын ниетінен сақ болыңыздар

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Әзірбайжан республикасындағы мұсылман бауырлар мен қарындастарға айтар кеңесіміз: Сионистік дұшпанның шын ниетінен сақ болыңыздар",-деді.

Әзірбайжан СІМ-нің баспасөз хатшысы жұма күні осы елдің сионистік режиммен Иранға қарсы бірлескен майдан құру туралы келісіміне қатысты сұраққа жауап берудің орнына негізсіз уәж айтып: "Иранның Әзірбайжан Парламентінің депутатына жасалған террорға қатысы бар",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани кеше, жұма күні Твиттердегі жеке парақшасында: "Әзірбайжан үкіметінен осы ел Сыртқы істер министрінің сионистік режиммен Иранға қарсы бірлескен майдан құру туралы сөздеріне түсініктеме беруді сұрадық. Бірақ Әзірбайжан СІМ-нің баспасөз хатшысы жауаптан жалтарып, Иранға қарсы жаңа айыптар тағуға кірісті",-деді.  

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы твиттің жалғасында: "Үнсіздіктің жалғасуы Бакудың стратегиялық серіктесінің мәлімдемесін жасырын түрде растау емес пе?",-деп жазды.     

Тегтер