Украина атысты тоқтату бітімін қабылдамады
(last modified Sat, 01 Apr 2023 17:59:28 GMT )
Сәу 01, 2023 23:59 Asia/Almaty
  • Украина атысты тоқтату бітімін қабылдамады

Украина Президентінің кеңесшісі бұл елде атысты тоқтату бітімін жариялау ұсынысын қабылдамады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Михаил Подоляк бұл елде атысты тоқтату бітімін жариялау ұсынысын қабылдамай: "Бітім жариялау Ресейге басып алған жерлерде қалуға құқық беру болмақ. Мұны қабылдауға болмайды",-деді.

Подоляк: "Украинада Батыстың бітімгер күштерін орналастыру идеясы – құнды идея. Украина тиісті күштер мен әскери құрал-жабдықтарды қалаған жерге тасымалдай алады",-деді.

Ресей Президентінің баспасөз өкілі Дмитрий Песков Беларусьтың Украинада бітім орнату туралы ұсынысына реакциясында: "Мәскеу бұл ұсынысты қарастырады, бірақ қазір таңда бітім Ресейді Украинадағы арнайы әскери амалдардан көздеген мақсаттарына жеткізе алмайды",-деді.    

Тегтер