Сауд Арабиясы Башар Асадты араб елдері басшыларының отырысына шақырады
(last modified Mon, 03 Apr 2023 16:13:38 GMT )
Сәу 03, 2023 22:13 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы Башар Асадты араб елдері басшыларының отырысына шақырады

Сауд Арабиясы Сирия Президентін араб елдері басшыларының отырысына шақыратын болады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясы мен Сирия арасында дипломатиялық қарым-қатынастың үзілгеніне он жылдан асқанда Сауд Арабиясы Сирия Президенті Башар Асадты 19 мамыр Эр-Риядта өтетін араб елдері басшыларының отырысына шақыруды көздеп отыр.

Reuters-тің жазуынша, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал ибн Фархан әл-Сауд алдағы апталарда Дамаскқа сапар шегіп, Башар Асадқа ресми шақыру хатын жеткізеді.  

Тегтер