Сәу 08, 2023 20:13 Asia/Almaty
  • Ақ үй АҚШ-тың Ауғанстаннан шыққанына қатысты құпия есепті Конгреске жіберді

Ақ үй АҚШ-тың Ауғанстаннан шыққанына қатысты құпия есепті Конгреске жібергеннен кейін осы елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз өкілі бұл шығысты "абдыраған", "сорақы" және "АҚШ үшін бір шегініс" деп сипаттады.

Джон Кирби осы мәселеге қатысты кім қызметтен кетуі керек деген сұраққа "Ешкім" деп жауап берді.  Ол АҚШ-тың бұрынғы басшылары, соның ішінде Дональд Трампты жауапты деп таныстыруға тырысты.

Джон Кирби сондай-ақ АҚШ-тың есепте қателескеніне тоқталып: "Ауғанстан Президентінің қашатынын және Талибанның билікті жылдам басып алатын болжамаған едік",-деді. Ақ үйдің 12 беттік есебінде АҚШ-тың Ауғанстанға 20 жыл басқыншылық жасап, 2 трлн доллар қаражат жұмсағы және бұл шегіністен сабақ алғаны айтылды.

Джо Байден  АҚШ күштері Ауғанстаннан шыққаннан кейін: "20 жылға созылған соғыста күніне 300 млн доллар қаражат жұмсалды. АҚШ-та күн сайын соғыста жарақат алған 18 сарбаз өз-өзіне қол жұмсап отырды",-деп уәж айтты.  

Тегтер