Сәу 11, 2023 18:38 Asia/Almaty
  • Қалибафтың Құдс халықаралық конгресіне жолдауы: Палестина мен қасиетті Құдс әрқашан ислам әлемінің басты мәселесі болды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Палестина мен қасиетті Құдс мәселесі өткен онжылдықта әрқашан ислам әлемінің басты мәселесі болды»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Мұхаммад Бақер Қалибаф «Постсионистік әлем» тақырыбындағы Құдс халықаралық конгресіне жолдаған жолдауында: «Мұсылмандардың алғашқы құбыласын басып алып, миллиондаған палестиналықтарды босқындарға айналдырып, мыңдаған жазықсыз жандардың өмірін қию – уақыт өте оның қайғысын ұмыттыратын жай оқиға емес. Ислам әлемі бүгінде бұрынғыдан  сергек және көрегенділеу, әлемнің мұсылман халықтары мен азат халқы Палестина халқы мен Палестинаның стратегиялық тереңдігінің негізгі қолдаушылары болып табылады. Бүгінде сионистік режим тіпті одақтастарының арасында да оқшауланған. Оның қылмыстары әлемдіктер үшін   бұрынғыдан анықтылау, оның жақтастары үшін сионистердің заңсыз және адамгершілікке жатпайтын әрекеттерін ақтау оңай емес.

Тегтер