Украина ұшағына қатысты істің үкімі шықты
Апатқа ұшыраған украин ұшағына қатысты істің үкімі үш жыл бойғы жан-жақты тексеріс пен 20 сот отырысы өткеннен кейін шықты.
2020 жылы 8 ақпанда Украина әуе компаниясына тиесілі жолаушы тасымалдайтын ұшақ Теһранның маңында құлады. Соның салдарынан 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қаза тапты.
"Мизан" ақпарат агенттігінің Иран жоғары сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, жалпы 20 сот отырысында 117 адам арыздарын тіркегеннен кейін Теһранның бірінші әскери сотының екінші бөлімшесі басты күдіктіні әскери штабтың бұйрығына керісінше, рұқсат алмай, тиісті нұсқауларды сақтамай, PS752 украин ұшағына екі зымыран атқан "Тур М-1" қорғаныс кешенінің қолбасшысы ретінде 13 жылға соттап, бас бостандығынан айырды.