Доллар құлдырауда
Сәу 18, 2023 17:59 Asia/Almaty
АҚШ Қаржы министрі басқа елдерге санкция салу халықаралық биржалардағы доллардың үстемдігін әлсіретуі мүмкін екенін айтты.
Джанет Йелленнің пікірінше, басқа елдерге қатысты шектеуші қаржылық шаралар оларды АҚШ долларына балама табуға әкелуі мүмкін. АҚШ-тың Қаржы министрі Қытай, Ресей және Иранды санкциялардың әсерінен айырбас арқылы өз валютасын алмастыруға ұмтылатын елдер ретінде атады.
Жақында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы өз айырбастауларында долларлық емес валюталарды қолданатынын мәлімдеді.