Ресейдің "Вагнер" әскери тобы: Украиналық сарбаздар арасында бүлік басталды
(last modified Mon, 24 Apr 2023 10:05:29 GMT )
Сәу 24, 2023 16:05 Asia/Almaty
  • Ресейдің

Ресейдің "Вагнер" әскери тобының басшысы кейбір украиналық әскерилер арасында бүлік басталғанын хабарлады.

Евгений Пригожин: "Донецк аймағындағы Часов Яр қаласы мен Константиновка ауданындағы украиналық әскерилер арасында бүлік басталды",-деді.  

Ресейдің "Вагнер" әскери тобы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүлік басталғаннан кейін осы аймақтардағы украиналық әскерилер қару-жарақтарын тастап, қызмет орындарынан кетіп қалған.

Бұдан бұрын Еуроодақ пен АҚШ тарапынан санкцияға ұшыраған "Вагнер" әскери тобы өз сарбаздарын Ресейдің Украинадағы соғысына жұмсап, осы елдің Соледар мен Бахмут қалаларына қарсы шабуылдарды басқарды.

Ресей Президентінің баспасөз өкілі Дмитрий Песковтың ұлы Николай Песков жуырда "Вагнер" әскери тобымен алты айлық келісімшартын аяқтады.

Николай Песковтың осы топқа қосылуы алғаш рет Евгений Пригожин тарапынан жарияланған болатын.

Тегтер