Сәу 30, 2023 21:55 Asia/Almaty
  • Иран Кеден басқармасы: Иран мен Еуразия арасындағы сауда айналымы 10 млрд долларға жететін болады

ИИР Кеден басқармасының директоры алдағы екі жылда Иран мен Еуразия елдері арасындағы сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізуге бағдарлама жасалғанын хабарлады.

Мұхаммед Резванифар Еуразия экономикалық одағының кеден ісі жөніндегі министрімен өткен отырыста: "Өткен жылы (2022 наурыз – 2023 ақпан) Иранның Еуразия елдерімен сауда айналымы 3,3 млрд доллар болды. Соның ішінде 1,5 млрд доллар Иранның осы елдерге экспортына, 1,7 млрд доллар осы елдерден импортына тиесілі болды",-деді.

ИИР Кеден басқармасының директоры Иран мен Еуразия арасындағы сауда айналымының 32 пайызға артқанына тоқталып: "Иран мен Еуразия арасындағы транзит көлемі өткен жылы 1,8 млн тонна болды. Соның ішінде 1 млн тонна тауар Еуразия елдерінен Иран арқылы жөнелтілсе, шамамен 800 мың тонна Иран арқылы Еуразия елдеріне транзиттелді",-деді.

Тегтер