Ресей Киевке қанатты зымырандармен шабуыл жасады
Maм 26, 2023 16:40 Asia/Almaty
Украинаның әскери әкімшілігі: «Бұл шабуыл Каспий теңізінің әуе кеңістігінен Киевке қарай жасалған стратегиялық және қанатты зымырандармен жасалған 13-ші шабуыл болды»,- деп жариялады.
Украина әскери әкімшілігінің мәліметінше, Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері олардың барлығын Киев аспанында жойып жібере алған. Дәл осы тұрғыда Днепр қаласында жарылыс дыбысы туралы хабарлар келіп түскен тұста осы қаланың әскери әкімшілігінің басшысы тұрғындардан сабыр сақтап, қауіпсіздік шараларын қабылдауды сұрады.