Иранның Орта Азия, Кавказ елдері мен Ресейге экспорты артты
(last modified Sun, 28 May 2023 15:23:45 GMT )
Maм 28, 2023 21:23 Asia/Almaty
  • Иранның Орта Азия, Кавказ елдері мен Ресейге экспорты артты

Иранның сауданы дамыту ұйымының Орта Азия, Кавказ елдері мен Ресей департаментінің директоры Иранның осы көршілес елдерге экспортының артқанын хабарлады.

Иранның көршілес елдер, әсіресе Орта Азия елдерімен сауда айналымы айтарлықтай артты.  

Рахматулла Хормали: "2022 жылы Иранның Орта Азия, Кавказ елдері мен Ресейге экспорты 18 пайызға артты. 2023 жылдың наурыз айында өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда 50 пайызға артты",-деді.

Хормали: "2022 жылы Иранның Орта Азия, Кавказ елдері мен Ресейге экспорты 3 млрд 200 млн долларға жетті. 2021 жылмен салыстырғанда 18 пайызға өсті",-деді.

2022 жылы Иран Ресей, Әзірбайжан, Армения, Түркіменстан мен Өзбекстанға ең көп тауар экспорттады.

Тегтер