Түркияның Сайлау комиссиясы Ердоғанның жеңіске жеткенін растады
(last modified Mon, 29 May 2023 14:20:25 GMT )
Maм 29, 2023 20:20 Asia/Almaty
  • Түркияның Сайлау комиссиясы Ердоғанның жеңіске жеткенін растады

Түркия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы президенттік сайлаудың екінші турында Ердоғанның жеңіске жеткенін хабарлады.

"Спутник" агенттігінің хабарлауынша, Түркия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ахмад Йенер жексенбі күні бір баспасөз отырысында: "Түркиядағы, шетелдік өкілдіктердегі және шекаралық бекеттердегі сайлау учаскелерінде берілген дауыстардың 99,43 пайызы саналғаннан кейін Ердоған 52,14 пайыз, Кемал Кылычдароғлы 47,86 пайыз дауыс жинады. Бастапқы мағлұматтарға сәйкес, Режеп Тайып Ердоған Түркияның жаңа президенті болып сайланды",-деді.

Оның айтуынша, Ердоған  Кылычдароғлыдан 2 млн дауыс көп жинады.

Сайлаудың қорытынды нәтижесі 1 маусымда ресми газетте жарияланады.

Тегтер