АҚШ Иранға жаңа санкциялар салды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i70116-АҚШ_Иранға_жаңа_санкциялар_салды
АҚШ-тың Қаржы министрлігі жауластық саясатты жалғастыра келіп, Иранға жаңа санкциялар салды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 02, 2023 18:57 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға жаңа санкциялар салды

АҚШ-тың Қаржы министрлігі жауластық саясатты жалғастыра келіп, Иранға жаңа санкциялар салды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігі бейсенбі күнгі мәлімдемесінде Вашингтонның Теһранға қарсы айып тағу саясатын жалғастырып: "Сақшылар корпусына қатысты 5 тұлға мен бір компанияға жаңа санкциялар салдық",-деп мәлімдеді.

Джо Байден үкіметі дипломатиялық қатынас деп ұрандатқанымен, бұрынғыдай Дональд Трамп үкіметінің барынша қысым саясатын жалғастырып, батыстық одақтастарымен бірге адам құқығы деген сылтаумен Иранға санкция салып жатыр.