Түркия үкіметі Путин мен Зеленскийді Ердоғанның инаугурация рәсіміне қатысуға шақырды
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей Президенті Путин мен Украина Президенті Зеленскийді өзінің инаугурация рәсіміне қатысуға шақырды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей үкіметі Путиннің Ердоғанның инаугурация рәсіміне қатыспайтынын, оның орнына Дума төрағасы Вячеслав Володиннің ресейлік делегацияны бастап Түркияға баратынын хабарлады.
Кремльдің баспасөз өкілі Дмитрий Песков: "Путин Ердоғанның инаугурация рәсіміне қатыспаса да, қос тарап жақын болашақта кездесіп, сұхбаттасады",-деді.
Түркияның "Хорриат" газетінің жазуынша, Путин мен Зеленский Түркияға бөлек-бөлек сапар шегіп, Ердорғанмен Украинадағы соғыс және астық экспорты жайлы сұхбаттасуды көздеп отыр.
Ердоғанның инаугурация рәсімі сенбі күні Анкарада өтеді.