Ресей Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жойды
Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков: «Бұл елдің армиясы Украинадағы маңызды әскери инфрақұрылымды қорғайтын әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне әуеден ұшырылатын алыс қашықтықтағы басқарылатын зымырандармен шабуыл жасап, сәтті жойды»»,- деді.
Ресейлік «ТАСС» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Конашенков Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында: «Украинаның маңызды әскери инфрақұрылымын қорғайтын зениттік жүйелерге қарсы жаппай шабуылдар бейсенбіге қараған түні дәл басқарылатын оқ-дәрілермен жасалды. Барлық қорғаныс жүйелер сәтті нысанаға алынды»,- деп мәлімдеді.
«Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Украина армиясы да ресейлік шабуылдарға жауап ретінде бірқатар шабуылдар, оның ішінде Запорожьедегі Ресейдің бақылауындағы аудандарға қарсы шабуыл жасады.