Иран Сыртқы істер министрі: Теһран мен Анкараның қарым-қатынасы дамиды
(last modified Mon, 05 Jun 2023 13:22:06 GMT )
Маусым 05, 2023 19:22 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: Теһран мен Анкараның қарым-қатынасы дамиды

Иран Сыртқы істер министрі Түркияның жаңа Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбаттасып, Теһран-Анкара қарым-қатынасын дамыту бағдарламасын жылдамдату керегін айтты.

Амир Абдуллахиан Хакан Фиданды Түркияның жаңа Сыртқы істер министрі болып тағайындалуымен құттықтап, екі елдің жақын әріптестігі жаңа кезеңде жалғасып, дамитынына үміт білдірді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ түрік әріптесін Теһранға іссапармен келуге шақырып, екі елдің аймақтық мәселелерге қатысты әріптестігін маңызды деп атап, аймақтық механизмдерді жандандыру керегін айтты.

Түркия Сыртқы істер министрі де осы телефон арқылы сұхбатта ирандық әріптесінің құттықтағанына алғыс айтып, екі елдің өзара диалог пен  аймақтық ынтымақтастықты жалғастыруын маңызды деп атап, алдағы кезеңде Теһран-Анкара қарым-қатынасын дамытуға көмектесуге дайын  екенін мәлімдеді.

Хакан Фидан: "Сәті түскенде Теһранға іссапармен барамын",-деді.

Түркия Сыртқы істер министрі сондай-ақ Ердоғанның сәлемін Раисиге жеткізіп, Иран Вице-Президентінің Түркиядағы инаугурация рәсіміне қатысқанына алғыс айтты.

Тегтер