АҚХА-ның бас директоры Еуропаның ең ірі атом стансасы туралы ескертті
АҚХА-ның бас директоры Украинада ресейліктердің бақылауындағы ауданда Каховка бөгетінің бұзылғанына тоқталып: "Осы бөгеттің суы Запорожье атом стансасы реакторларының балқып кетпеуі үшін қолжетімді болуы керек",-деп мәлімдеді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Рафаэль Гросси: "Запорожье нысаны Еуропаның ең ірі атом стансасы ретінде өз реакторларын салқындату үшін Каховка бөгетінің суын пайдаланады",-деп ескертті.
Сейсенбі күні Каховка бөгеті бұзылғаннан бері су деңгейі 2,8 метрге азайды. Су деңгейі 12,7 метрден төмендегенде Запорожье атом стансасы бөгеттен су ала алмайды.
АҚХА-ның бас директоры: "Каховка бөгетіне келтірілген зиян көлемі белгісіз болғандықтан, судың қашан азаятынын болжау мүмкін емес. Су сағатына 5-7 см-ге азайып бара жатқанын ескерсек, су екі күннен кейін критикалық деңгейге жетеді",-деді.
Рафаэль Гросси АҚХА мамандарының оқиға орнынан жіберген есептеріне сүйене отырып: "Запорожье АЭС-і мүмкіндігінше өз су қоймасын толтырып жатыр",-деп еске алды.