Раиси Иран мен Венесуэла кәсіпкерлерінің бірлескен отырысына қатысты
(last modified Tue, 13 Jun 2023 13:45:35 GMT )
Маусым 13, 2023 19:45 Asia/Almaty
  • Раиси Иран мен Венесуэла кәсіпкерлерінің бірлескен отырысына қатысты

20 миллиард долларлық қарым-қатынасты жүзеге асыру жолы - Иран мен Венесуэла арасындағы маңызды белсенділік.

Раиси Иран мен Венесуэла арасындағы экономикалық алмасуларды арттыру үшін әлі пайдаланылмаған әлеуеттің бар екеніне тоқталып, 20 миллиард долларлық қарым-қатынастарды жүзеге асырудың жолын екі ел арасындағы байыпты белсенділік пен инвестиция екенін мәлімдеді.

ИИР Президенті санкцияларды бейтараптандыру және экономикалық салада күшейе түсуді санкциялармен күресудің ең тиімді жолы деп санап, былай деді: «Білімге негізделген компаниялар арқылы ирандық жастар санкцияларды   мүмкіндікке айналдырып, Иранды бейбітшілік пен тұрақтылыққа жеткізе алды». Раиси  Иран мен Венесуэла арасындағы қарым-қатынастарды өте жақсы деп бағалап: «Экономикалық алмасулардың дамуын жеңілдету және жеделдету үшін келісімдердің орындалуымен кедендік, банктік және тарифтік кедергілер жойылады»,- деді.