Грекия жағалауына жақын жерде босқындар қайығы батып кетті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i70424
Грекия жағалауына жақын жерде босқындар қайығы батып, кемінде 79 адам қаза тапты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 15, 2023 18:45 Asia/Almaty
  • Грекия жағалауына жақын жерде босқындар қайығы батып кетті

Грекия жағалауына жақын жерде босқындар қайығы батып, кемінде 79 адам қаза тапты.

Грекия жағалау патрулінің хабарлауынша, батқан қайықтан 100-ден аса адам құтқарылды. Қайықта шамамен 700 адам болған деседі. Сондықтан 500-ден аса адам із-түзсіз жоғалып кетті.  

Ақпарат құралы: "Грекияда босқындарды қолдайтын бір қайырымды жан осы елдің басшыларын салғырт деп айыптады. Өйткені олар көмекке келмес бұрын қайықтың сағаттар бойы апатты жағдайда болғанын білген, бірақ көңіл аудармаған",-деді.

Бұл биыл Грекия жағалауына жақын жерде болған ең ауыр кеме апаты саналады.