Путин: Мәскеу Украинада буферлік аймақ құруды қарастыруда
(last modified Sat, 17 Jun 2023 11:15:40 GMT )
Маусым 17, 2023 17:15 Asia/Almaty
  • Путин: Мәскеу Украинада буферлік аймақ құруды қарастыруда

Владимир Путин Ресейдің шекаралас аймақтарына шабуылдар жалғаса берсе, Мәскеу Украинада буферлік аймақ құруды қарастыратынын айтты.

Ресей Президенті Санкт-Петербург экономикалық форумында сөйлеген сөзінде: «Жақында Украинаның қару-жарақ өндірісі таусылады және Киев тек Батыс қаруына сүйенеді, бірақ ол ұзақ уақыт бойы Батыс қаруына сене алмайды. Ресейдің мақсаты – Украинаны қарусыздандыру. Біз Батыстың Ресейді стратегиялық сәтсіздікке ұшырату әрекетін мұқият зерттейміз. Олар мұны істеу үшін бәрін жасайды. Бірақ біз бұл мәселе бойынша нақты міндет қойдық, ол Украинаны қарусыздандыру»,- деді.

Тегтер