Ресей Пентагонның Украинада ауру тарататын масаларды пайдаланатынын ескертті
Ресей Қорғаныс министрлігі Пентагонның Украинада қауіпті ауру тарататын масаларды пайдаланбақшы деп ескертті.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің химиялық, радиоактивті және биологиялық қорғаныс бөлімінің басшысы Игорь Крылов Америка биологиялық зертханаларының дүние жүзіндегі адамдар үшін төндіретін қауіпі туралы ескертіп: "Алынған мәліметтер Киев режимінің В гепатиті, безгек, Эбола және СПИД сияқты ауруларды тасымалдаушы масаларды осы соғыста ресейлік күштерге қарсы пайдаланғысы келетінін көрсетеді. Біз АҚШ-тың қауіпті ауруларды жұқтырған тасымалдаушыларды ұшқышсыз ұшақтар арқылы пайдалануға жоғары техникалық дайындығын байқадық», - деп қосты.
Бұл ресейлік шенеунік Киев режимінің Херсонда су тасқынын тудырған әрекеті «Батыс Ніл безгегі» ауруының таралу ошағына айналуы мүмкін екенін және тұмаумен ауырған құстардың Украина аумағынан қоныс аударуына байланысты, Ресейде ластану деңгейі айтарлықтай өскенін мәлімдеді.
.