Украина Қырым дарбазасына  зымырандық шабуыл жасады
(last modified Fri, 23 Jun 2023 11:21:17 GMT )
Маусым 23, 2023 17:21 Asia/Almaty
  • Украина Қырым дарбазасына  зымырандық шабуыл жасады

Херсон аймағының Ресей бақылауындағы бөліктерін Қырым түбегімен байланыстыратын көпірге Украинаның зымырандық шабуылынан кейін көпірдегі жол бүлініп, көлік қозғалысы тоқтатылды.

 

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Херсонның уақытша губернаторы болып сайланған Владимир Сальдо жолдың бүлінгенін, бірақ зардап шеккендер жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, бұл шабуылда британдық «Дауыл көлеңкесі» зымырандары қолданылған болуы мүмкін. Қырым губернаторы Сергей Аксенов та мамандардың бұл көпірдегі қозғалысты қашан қалпына келтіру мәселесін зерттеп жатқанын айтты.

«Қырым дарбазасы» атанған бұл көпір 2014 жылы Ресейге қосылған  Қырымды негізгі құрлықпен байланыстыратын санаулы көпірлердің бірі.

 

 

 

Тегтер