Арафа күні – құлшылық етіп, күнәлардың кешірілуін сұрайтын күн
Бүгін, сәрсенбі, 9 зихадже – Афапа күні. Бұл – тәубе қабыл болып, күнәлар кешірілетін күн. Алла тағала бұл күні адамдарды өзіне ерекше шақырады.
Арафа – ислам дініндегі ұлы мерекелердің бірі. Бұл күнді Арафа даласында өткізе алған адам бақытты.
Арафа күнінде дұға көп оқылады. Бұл күндегі ең жақсы амал – дұға. Алла үйіне барған миллиондаған зияратшы Арафа күні ақ киіп, Арафа даласына аттанады.
Қажылар кешке дейін Арафа даласында болады, күн батқан соң әл-Харам мешітіне қарай қозғалады.
10 зихадже Құрбан айт күні таңертең әл-Харам мешітінде қажылық рәсімдері жалғасын табады. Содан соң зияратшылар Мина даласына барып, құрбандық шалады. Одан кейін шашты тақыр ғып алу немесе шаш пен тырнақты қысқарту рәсімі өтеді.