Мәскеудегі сионистік режимнің елші міндетін атқарушысы Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды
(last modified Wed, 28 Jun 2023 17:38:48 GMT )
Маусым 28, 2023 23:38 Asia/Almaty
  • Мәскеудегі сионистік режимнің елші міндетін атқарушысы Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

Мәскеудегі сионистік режимнің елші міндетін атқарушысы осы режимнің Киевтегі елшісінің нацизмді мақтаған сөздеріне байланысты Ресей СІМ-не шақыртылды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей СІМ өз мәлімдемесінде: "Киевтегі Израиль елшісі Михаил Бродскийдің ашық түрде нацизмді мақтағаны және Кеңес Одағына қарсы нацистік Германиямен одақтасқан Украинаның националистеріне құрмет білдіргеніне байланысты Мәскеудегі сионистік режимнің елші міндетін атқарушысы Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды",-деді.

Ресей СІМ-нің баспасөз хатшысы Мария Захарова Киевтегі Израиль елшісінің сөздеріне реакциясында: "Михаил Бродскийдің көзқарасынша, Киев осындай батырлар мен болмысқа ие болуға құқылы болса, бұл жағдай Израиль СІМ үшін бір мәселе болып саналады. Ешкімде мұндай батырларға ие болу құқығы жоқ. Бұл тақырып "нацизмді мақтау" болып саналады",-деді.

Мария Захарова: "Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес одағының сарбаздары да осылай ойласа, қазір Михаил Бродский де болмас еді, Холокосттан да естелік қалмас еді",-деді.

 

Тегтер