Иран мен Ресей лаңкестікпен күресудегі ортақ ынтымақтастығын қуаттады
ИИР-ның Бас қолбасшысы мен Ресей Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарының кездесуінде Теһран мен Мәскеудің әртүрлі салалардағы, соның ішінде лаңкестікпен күрестегі екіжақты ынтымақтастықтарын кеңейту баса айтылды.
ИРНА-ның бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, генерал Ахмедреза Радан Мәскеуге сапары барысында Ресей Федерациясы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарымен кездесіп, сұхбаттасты. Бұл кездесуде екі жақтың әртүрлі салалардағы, соның ішінде лаңкестікпен күресудегі ынтымақтастықтарын кеңейтуге баса назар аударылды.
Бұл кездесуде Сардар Радан ИИР полициясының мүмкіндіктері мен Теһран-Мәскеу қарым-қатынастарының стратегиялық деңгейіне тоқталып, Иранның Ресей Федерациясымен ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін мәлімдеді.
Ресей Федерациясы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары да: «Ресей мен Иранның саяси келіссөздері екі елдің халықаралық және аймақтық мәселелердің көпшілігі бойынша ұстанымдарының жақындығына байланысты күн тәртібінде тұр.
Бұл кездесуде бұқаралық іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, экстремизмді, терроризмді, ұйымдасқан қылмыстарды, ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар және есірткі бизнесі саласындағы қылмыстарды анықтау, алдын алу және оларға қарсы тұру бойынша тәжірибе алмасу сияқты мәселелер талқыланып, өзара алмасылды.